Атырау облысында қоршаған ортаға бәрінен де бұрын ірі мұнай компаниялары және АМӨЗ зиян келтірді

АТЫРАУ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында табиғат қорғау заңнамасын басты бұзушылар мұнайды өндірумен және өңдеумен айналысатын аймақтағы ең ірі компаниялар болып отыр. Бұлар - «ТеңізШевройл» ЖШС, «Аджип ҚКО» және Атырау мұнай-өңдеу зауыты.
None
None

Бұл жөнінде Атырау табиғат қорғау прокуроры Болат Шоқай хабарлады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар 15 рет заң бұзушылыққа жол берген. Оларға жалпы сомасы 403 млн. теңгенің айыппұл санкциялары қолданылды.

Компаниялар негізінен атмосфераға зиянды қалдықтарды нормадан тыс тастау арқылы заң бұзушылыққа жол береді.

Соңғы жаңалықтар