Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 қытайлық студент 2 тәулікке қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 қытайлық студент 2 тәулікке қамалды, деп хабарлады Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 қытайлық студент 2 тәулікке қамалды

"ҚХР 8 азаматы 2015 жылы 24 тамызда «Қорғас» БӨБ арқылы Қазақстан Республикасына Атырау мұнай және газ институтына түсу үшін келген. Алайда қытайлық студенттер визада көрсетілген ел аумағында болу мерзімінен асып, көші-қон заңын бұзды", - делінген хабарламада.

Сот оларды ҚР ӘК 517-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танып, 2 тәулікке қамау жазасын тағайындады.

Айыпталушылар бұл қаулыға шағым жасай алады.