14:18, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Атырау облысында Мақат ауданының жаңа әкімі тағайындалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болып Берікқали Сәрсенғалиев тағайындалды. Ол осыған дейін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінде болған.

Берікқали Сәрсенғалиев 1961 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туған. Ауыл шаруашылығы техникумын аяқтаған соң ветеринар болып қызмет еткен. Кейін Гурьев педагогикалық институтында оқыды. Оны аяқтаған соң Қызылқоға ауданында маман болып, білім бөлімінің маманы, Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыстық мәслихат аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. 2009-2012 жылдары - Қызылқоға, 2012-213 жж - Индер ауданының әкімі. 2013 жылдың маусымынан - облыстық білім басқармасының басшысы.