Атырау облысында медициналық мекемелерде гепатитпен ауыратын дәрігерлер мен медбикелер жұмыс жасаған

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түрікменбай Нұржігітов хабарлағандай, бұл туралы барлық медициналық қызметшілерді арнайы тексеруден өткізу барысында белгілі болған.

Атырау облысында медициналық мекемелерде гепатитпен ауыратын дәрігерлер мен медбикелер жұмыс жасаған

Гепатитпен ауратын дәрігерлердің саны аталмайды. Бірақ, Т.Нұржігітовтың айтуынша, олардың барлығы аурулармен қарым-қатынас жасаудан шеттетіліп, одан кейінгі тағдыры қалай болатыны туралы мәселе шешілуде.