Атырау облысында монополияға қарсы күрес департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

АТЫРАУ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің жаңа басшысы қызметіне Райхан Мизамғалиева тағайындалды.

Атырау облысында монополияға қарсы күрес департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Р. Мизамғалиева бірнеше жыл бойы департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Департаменттің бұрынғы басшысы Балжан Досмұхамбетова Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.