16:49, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырау облысында мүгедектерді оңалтуға арналған бағдарлама жұмыс істейді
АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда мүгедектерді оңалтуға арналған өңірлік бағдарлама жұмыс істейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өткен жылы мүгедектерді шипажайда емдеуге арнап осы бағдарлама бойынша облыс бюджетінен 22 миллион теңге бөлінген болатын. Осы қаржыға 333 адам республикамыздың түрлі шипажайында болып қайтты. Мүгедектерге арналған көмекші техникалық құралдарды сатып алуға 46.3 миллион теңге, тісті протездеуге 6.7 миллион теңге бөлінді.