Атырау облысында мүгедектердің 392 мың теңгесі қолды болды
АТЫРАУ. 1 қараша. ҚазАқпарат - Атырау облысының Исатай ауданында мүгедектердің 392 мың теңгесі ұрланды.
Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтік тұлғаларына қатысты өздерінің қызметтік өкілдігін асыра пайдаланған деген бап бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Шенеуніктер жеке кәсіпкерлердің есебіне мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсеткендері үшін 392 мың теңге аударған деген күдікке алынып отыр. Ал ол көмек мүгедектерге көрсетілмеген.