Атырау облысында Отбасы күніне орай 280 орындық балабақша ашылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Отбасы күніне орай қала маңындағы Жұмыскер кентінде 280 орындық балабақша ашылды.
«Жыл соңына облыс орталығы мен аудандарда дейін әрқайсысы 280 орындық тағы 10 балабақша ашылады. Мектепке дейінгі мекемелерді салу ісі жалғаса бермек. Қазір өңірде балабақша кезегінде 18 мың бүлдіршін тұр. 2020 жылға қарай барлық отбасылардағы сәбилерді балабақшаға бару мүмкіндігімен қамтамасыз етпекпіз», - деді облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов. Жұмыскер кентінің тұрғындары үшін жаңа балабақшаның ашылуы үлкен мерекеге айналды. Ауылда балабақша кезегінде 500-ден астам бүлдіршін бар. Бірінші кезекте елді мекендегі жалғыз балабақша «Таңшолпан» балалар мекемесінің жүктемесін азайту мәселесі тұр. Сондай-ақ жаңа балабақшада бұрын болмаған 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар тобы ашылмақ.