Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында педофилдер саны артып отыр

АТЫРАУ. 25 маусым. ҚазАқпарат - 2012 жылы Атырау облысында педофилия фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны артты.

Атырау облысында педофилдер саны артып отыр

Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнар Хаженованың айтуынша, егер 2010 жылы кәмелеттік жасқа жетпегендерді зорлау бойынша тек 1 іс қаралған болса, 2011 жылы олардың саны 3-ке жетті. Ал биылғы жылдың басынан бері 8 оқиға тіркелді.

Балаларды педофилдерден қалай қорғау керектігі жөніндегі әңгіме «дөңгелек үстел» барысында айтылды. Оған сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының және балалармен айналысатын ұйымдардың өкілдері қатысты.