Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында соқтығысып қалған екі көлік отқа оранды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Ақтөбе-Атырау тас жолында екі көлік соқтығысып, отқа оранды. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында соқтығысып қалған екі көлік отқа оранды

«КИА және УАЗ көліктері Доссор кентінің маңында соқтығысты. 1986 жылы туған УАЗ-дың жолаушысы аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. КИА жолаушысы да ауруханаға жатқызылды.

Жүргізушілерге медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне жіберілді. Көліктердің бірінде 2011 жылы туған бала болған, абырой болғанда ол дін аман. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.