Атырау облысында тонаушылар тобының мүшесі 12 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты азамат Б. Алдабергеновті ҚР Қылыстық кодексінің 2-бөлімі 237-бабының 2-ші, 3-ші тармақтары, 192-бабының 1-ші және 2-ші тармақтары, 188-бабы бойынша (қарақшылық, тонау, ұрлық) айыпты деп таныды және оған мүлкін тәркілеумен 12 жыл бас бостандығынан айыруға жаза кесті.
None
None

Сотта Б.Алдабергеновтің жеңіл табыс табу мақсатымен өзінің таныстары Серік, Райымбек, Сейітқали, Арман, Ермек, Мұхтарлармен бірге Р.Байменовтің басқаруымен Атырау облысында азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкін ұрлау мақсатында өз таныстарынан қарулы топ (банды) ұйымдастырып, адамдарға шабуыл жасағанын, оларды тонағанын анықтады.

Сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлады Атырау облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар