Атырау облысында тұрақтандыру қоры құрылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қоры құрылады.
None
None

«Биылғы жылы өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерді сатып алу көлемі 3900 тоннаны құрады. Бұл 2000 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 50 тонна қызылша, 250 тонна қырыққабат, 1300 тонна пияз. Осы жылғы наурыз-сәуір айларында ӘКК ауыл шаруашылығы өндірушілерімен картоп пен көкөніс өнімдерін теңгемен тіркелген баға бойынша сатып алу туралы шарт жасалды. Картопты шаруалар келісін 50 теңгеден, сәбізді 48 теңгеден, пиязды 45 теңгеден, қызылшаны 50 теңгеден, қырыққабатты 45 теңгеден өткізеді. Шарт бойынша сатып алатын тауарлардың жалпы құнының жетпіс пайызын төлеп қойдық», - деп хабарлады «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Абат Тасимов. Картоп пен көкөністен басқа тұрақтандыру қорында 710 тонна азық-түлік тауарлары бар, олар жылдың басында қазақстандық өндірушілерден сатып алынған. Бұл қант, өсімдік майы, сары май, макарон өнімдері, күріш, ет, тауық еті, тауық саны, және сиыр еті. «Тұрақтандыру қорының бұл тауарлары әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға күрт өскен кезде ішкі нарыққа тауарлық түгендеу үшін пайдаланылатын болады. Тұтастай бағаны тұрақтандыру облыс басшылығының тұрақты назарында», - деді А. Тасимов. «Атырау» ӘКК арқылы кәсіпкерлерге көрсеткен сомасы 10 млрд теңгеден астам қаржылық қолдаудың арқасында Атырау облысында тағам өнімдерін шығаруға бағдарланған жаңа өндірістерді пайдалануға енгізді. Бұл «СП «Первомайский» сүт өнімдері кешені, «Сарайшық» ешкі фермасы, «Алмалы құс» ЖШС құс фабрикасы, Шұбат, қымыз, айран өндіретін «Алға» мал шаруашылығы кешені «Ганюшкино егін өнімдері» ЖШС сүт өнімдері цехы. «Атырау Агрофеликс» ЖШС көкөністерді консервілеу өндірісі, «Атырау-Бөдене» ЖШС бөдене фермасы құрылысы аяқталуда. Форфардтық шарттар жасасқан шаруалар күзде тауарды жеткізіп, шарт сомасынан қалған 30 пайызды алуы тиіс. «Үкімет қабылдаған теңгенің еркін бағамға өту шешімі өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысына әсер етпейді. Барлығы жергілікті өндірушілерден ұлттық валютамен сатып алынған тауарлар», - деді А. Тасимов.

Соңғы жаңалықтар