Атырау облысында тұтанған дала өрті 10 мың гектар аумақты шарпыды
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты бірқатар учаскеде шыққан дала өрті Жарақұдықта - 3500, Барлыбайда - 1000, Кенжеде - 3000, Маңғытта - 1500,
Құмқұдықта 1000 гектар аумақты шарпыды. Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспаөз қызметі таратып отыр.
1 тамыз күні шыққан өрт келесі күні ғана өшірілді. Өрттің жалпы аумағы 10 мың гектарды құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы және Жангелді мен Миялы ауылдық округтерінен жасақталған 55 ерікті мен 10 техника жұмылдырылды.