Атырау облысында заң бұзғаны үшін жеті шетелдік азамат полицейлердің арнайы қабылдау бөліміне отырғызылды

АТЫРАУ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында заң бұзғаны үшін түрлі елдердің жеті азаматы полицейлердің арнайы қабылдау бөліміне отырғызылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Арнайы қабылдау бөлімінің «қонақтары» Ұлыбритания мен Үндістанның екі азаматы, филиппиндік, алжирлік және өзбекстандық әйел болды. Олар мұнда Қарабатанда зауыт құрылысындағы «Аджип ККО» компаниясының мердігерлік ұйымдарының бірінде көші-қон полициясының қызметкерлері ұстағаннан кейін Мақат аудандық сотының шешімімен осында түскен. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, шетелдік азаматтар біздің елдің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған. «Олар Қазақстанға жұмыс істеу құқығын бермейтін қонақ болып келу рұқсатнамасы бойынша келген. Алайда олар заңды бұза отырып, еңбек ету қызметін жүзеге асырған», ? деді баспасөз хатшысы. Ұсталғандар арнайы қабылдау бөлімінде бір тәулік отырғаннан кейін сот оларды Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім шығарды.
Соңғы жаңалықтар