Атырау облысында зергерлік дүкенді тонауда күдікті деп танылғандар ұсталды

АТЫРАУ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Топаз» зергерлік дүкеніне қарулы шабуыл жасауда күдікті деп танылған Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны ұсталды.

Атырау облысында зергерлік дүкенді тонауда күдікті деп танылғандар ұсталды

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, зергерлік дүкеніне қарақшылық шабуыл 28 мамырда жасалды. Дүкенде саусақтың іздерін қалдырған қаскөйлерді іздеу шаралары бірден басталды. Мақат теміржол стансасында тонау күдігімен Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны ұсталды.

«Тексеру кезінде олардан дүкеннен ұрланған зергерлік бұйымдар, сондай-ақ мылтық, қолдан істелген тапанша және граната алынды. Болған оқиға жағдайларын тергеу жүргізілуде», - деп ақпараттандырды Г.Мұхтарова.