Атырау облысында «Жол картасы» бойынша бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері тіркелуде - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -  Атырау облысында қалалық желілердің құрылысын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау оқиғалары тіркелуде. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметіне сәйкес, Исатай ауданындағы елді мекендерге газ жеткізу бойынша жұмыстарды толық көлемде орындамай, атқарылған жұмыстар мен олардың құны туралы жалған актілер жасау арқылы 162 млн.теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлаған «НарынЭнергоГаз» ЖШС директорының ісі сотқа тапсырылды. Сондай-ақ Атырау қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 20,5 млн.теңгені жымқырған «Барракуда» ЖШС директоры Г. Хайруллин сотталып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар