Атырау облысында жолаушылар пойызының қозғалысы реттелді
Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуір күні «Сағыз - Мақат» учаскесінде «Алматы - Атырау» бағыты бойынша бет алған № 41 жолаушылар пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын. Осыған орай, 10 жолаушы пойызының жұмысы тоқтатылған болатын. Ұлттық темір жол компаниясымен аталған учаскедегі жол қозғалысын қалпына келтіру мен жұмысы уақытша тоқтатылған пойыздардың қатынау кестесін реттеу бойынша шаралар жүзеге асырылды.
Жолаушылар вагонының жолдан шығып кету салдарынан болған төтенше жағдайды реттеу жұмысына 218 жұмысшы, 2 қалпына келтіру пойызы мен 25 арнайы техника жұмылдырылған болатын.
Аталған оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ»ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды.
Жолаушылар пойыздарының кешіктірілуіне байланысты туындаған сұрақтарға жауап алу үшін 8 7172 600 132 нөмірі бойынша Астанадағы тәулік бойы қызмет көрсететін орталыққа хабарласуға болады.