Атырау облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 400 млн. теңге бөлінді
АТЫРАУ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысында мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру аясында 2013 жылы кәсіби кадрларды дайындауға 400 млн. теңге бағытталды.
8 млн. теңге кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бөлінді, шамамен 65 млн. теңге кадрларды қайта дайындауға және жетілдіруге бағытталды. Ауылға барып жұмыс істейтін жас мамандарды қолдауға, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға да қаражат бөлініп отыр.