Атырау облысында жыл басынан бері 12 қылмыстық топ ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 12 қылмыстық топ анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында жыл басынан бері 12 қылмыстық топ ұсталды

«Биыл сегіз айда өңірде 4121 қылмыс тіркелді. Бұл былтырғыдан 8,2% аз. Қылмыстардың азаюы мен олардың жылдам ашылуы «Правопорядок», «Участок», «Мигрант», «Қару» жедел-профилактикалық шараларының тұрақты түрде өткізілуімен байланысты. Осы операцияларды жүргізу кезінде өңірде сегіз айда 12 қылмыстық топ анықталды. Олар жалпы жүзден астам үй мен пәтерді тонаған», - деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев тұрғындармен кездесуде.

41 күдікті ұсталып, қолды болған бұйымдар иелеріне қайтарылды.

Автор: А. Соколов