Атырау облысындағы Теңіз кен орнында шикі мұнайды сақтауға арналған резервуарлық паркті жаңарту аяқталды

АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Теңіз кен орнында шикі мұнайды сақтауға арналған резервуарлық паркті жаңарту аяқталды,

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында шикі мұнайды сақтауға арналған резервуарлық паркті жаңарту аяқталды

деп хабарлайды «ТеңізШевройл» ЖШС баспасөз қызметі.

Осы жобаның аясында шикі мұнайды сақтауға арналған - екі резервуар, суға арналған екі резервуар, электр беру желілері, кіші электр стансысы, диспетчерлік пункт және сорғы қондырғысы салынды.

«Мұнайды сақтауға арналған жаңа резервуарлар атмосфераға тасталатын зиянды булануды айтарлықтай төмендетеді», - деді «ТеңізШевройл» ЖШС-ның жобалар бөлімінің бас менеджері Роки Брэннен.

Жобадағы қазақстандық үлестің мөлшері 92 млн. долларға жетті. Құрылыс алаңдарында 600 қазақстандық жұмыс істеді.