09:11, 26 Қараша 2011 | GMT +5
Атырау облысының аудандық ауруханаларының бірінде ірі өрт болды, бір адам құтқарылды - ҚР ТЖМ
ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Безымянный кентінің аудандық ауруханасында ірі өрт болды, 82 жастағы қарт өлім аузынан құтқарылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 қараша күні таңертеңгі сағат жеті жарым шамасында, аудандық аурухананың жеке орналасқан терапия бөлімшесі ғимаратының шатыры жана бастады.
Оқиға орнына дереу жеткен ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қары қызметінің 18 адамы мен 2 техникасы тілсіз жаудың ошағын бір жарым сағаттың көлемінде жойып, тағы бір сағаттан кейін оны толығымен ауыздықтады. Жалын ғимарттың 480 шаршы метр аумағын күлге айналдырды. Өртпен арпалыс барысында 1929 жылы туған қарт құтқарылды.