Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті қамауға алуға санкция берілді - БАҚ

АТЫРАУ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің қамауға алынуына санкция берілді, деп хабарлады «Ақ Жайық» газетінде. Жұма күні қаржы полициясына хабарласып, бұдан да толығырақ ақпаратты беруді сұрағанымызда қамауға алу санкциясын беру фактісі жоққа шығарылмады, бірақ сенбі күні таңертеңге дейін күтуімізді сұрады. Бүгін, демалысқа сілтеген онда барлық ақпарат Астанада екенін, сондықтан дүйсенбіге дейін күту керек екенін түсіндірді.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті қамауға алуға санкция берілді - БАҚ

Естеріңізге сала кетейік, Бергей Рысқалиевтің отставкасынан кейін облыста бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлаумен байланысты бірқатар қылмыстық істер қозғалды. Бұл тергеу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов, қала әкімі Асқар Керімов, қолдарынан бюджеттік қаражат өткен бірқатар облыстық басқармалардың басшылары мен бизнесмендер қамауға алынды. Бергей Рысқалиевтің ағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің «Ақ жол» партиясының атынан бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали мен бірнеше бизнесменге іздеу жарияланды, олардың фотосуреттері қаржы полициясының сайтында жарияланды. БАҚ-тың ақпаратынша, Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Лондонда жүр.