Атырау облысының мұнай экспорты бюджетті 224 млрд. теңгеге толықтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 8 айында ТМД елдері мен алыс шетелдерге шығарылған мұнай экпортының кедендік баж салығы ҚР бюджетін 224 млрд. теңгеге толықтырды.

Атырау облысының мұнай экспорты бюджетті 224 млрд. теңгеге толықтырды

«Атырау облысынан ағымдағы жылдың 8 айында экспортқа шығарылған мұнай 98,4 пайызды құрайды. Шикізатты сатып алушылар негізінен Италия, Нидерланды, Франция мен Түркия елдері», - деп хабарланған «Ақжайық - Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің ақпаратында.

2015 жылы мұнай Атырау облысынан құбыр құбыр желісі көлігі немес теміржомен Новороссийск, Тамань, Усть-Луга және Приморск порттары арқылы тасымалданған. Шикі мұнай порттарға «Өзен-Атырау-Самара» және «КТК-К» мұнай құбырлары арқылы жеткізіледі.

Мұнай экспортынан кедендік салымдардың негізгі үлесі - 228 млрд. теңгеге жуық «Теңізшевройл» ЖШС-нан түскен.