21:09, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырау облысының судьялары жаңа спорт залына ие болды
АТЫРАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда судьялардың дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын спорт залы салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Спорт залы Атырау қалалық сотының жаңа үйінде салынған және жабдықталған. Мұнда шағын футбол, баскетбол ойнауға, үстел үсті теннисімен, фитнеспен айналысуға болады. Залдың жанында сауна бар.