Атырау өңірінде су тасқынымен күреске 280 млн. теңге қажет

АТЫРАУ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысында қар суының тасқынынан қорғануға 280 млн. теңге қажет, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Атырау өңірінде су тасқынымен күреске 280 млн. теңге қажет

Қазіргі уақытта Жайық өзені мен Каспий теңізінен айдалған судан жерді қорғап тұрған жағалау шетіндегі қорғаныстардың ұзақтығы 515 шақырымды құрайды. Тасқынды сулардан қорғаумен айналысатын облыстық штабтың ақпаратына сәйкес, жаңадан 2,7 шақырым қорғаныстар салып, 126,8 шақырымын жөндеу қажет. Бұл мақсаттарға 280 млн. теңге керек.