Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау соты ресейлік төрт азаматты 1 жыл колонияға кесті

АТЫРАУ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қалалық соты Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасының төрт азаматын 1 жылға бас бостандықтарынан айырды.

Атырау соты     ресейлік  төрт азаматты  1 жыл колонияға кесті

Олар браконьерлік әрекеттері үшін жазаға тартылып отыр.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, Дағыстан азаматтары 2010 жылдың соңында, заңсыз балық аулап жүрген жерлерінде, Каспий теңізінің қазақстандық аймағында ұсталған болатын. Олардан ау саймандары, навигациялық спутниктік жүйесі, 100 келіден астам қымбат бағалы балық тәркіленді және мемлекеттік шекараны бұзу, браконьерлік фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Дағыстан Республикасының төрт азаматы жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылды және әрқайсысы 1 жылға колонияға кесілді. Сот сондай-ақ балық қорына келтірілген шығын үшін олардан 693 мың теңге өндіру туралы талап-арызды да қанағаттандырды», деп хабарлады С.Жұмашева.