Атырау тұрғыны 72 грамм героинмен ұсталды
АТЫРАУ. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Атырауда ІІД Есірткі бинесіне қарсы күрес басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп 72 грамм героин тәркіледі.
«Атырау қаласы тұрғынының басқаруындағы «Хюндай-Соната» көлігін тексеру кезінде салмағы 20 грамнан асатын «героин» есірткілік заты табылды. Ұсталған азаматтың пәтерінің жуынатын бөлмесінен жеделшілер тағы 52 грамм героинді тапты», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
30 жастағы азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.