Атырау тұрғыны бекіре балығымен ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Бекіре-2017» жедел алдын алу шарасы барысында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546-әскери бөлімнің жауынгерлері, кіші сержант Нұрболат Мағал, сержант Дайыржан Ілиясов жол-патрульдік қызметі қызметкерлерімен бірге Дамба-Атырау жолы бойында 27 жасар тұрғын айдап келе жатқан Шевроле Aveo автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

 Атырау тұрғыны бекіре балығымен ұсталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөліктен заңсыз ауланған 8 кг бекіре балығы табылып, тәркіленген.

Аталған дерек бойынша Д. деген азаматқа қатысты ҚР ҚК 196-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бекіре аса бағалы және ерекше қорғалатын балық түрі болып табылады. Ол әрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.