Атырау жылу-электр орталығында қуаты 25 мВт жаңа турбина пайдалануға берілді - Елбасы сапары

анның 1-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау жылу-электр орталығында 25 мВТ жаңа турбина іске қосылды. Турбинаны іске қосу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Атырау жылу-электр орталығында қуаты 25 мВт жаңа турбина пайдалануға берілді - Елбасы сапары

Бұл турбина - Атырау жылу-электр орталығының төртінші кезегін кеңейту жобасы. Бұл аймақ үшін маңызды инвестициялық жоба, ол туралы маусым айында өткен телекөпірде облыс әкімі Бергей Рысқалиев Елбасыға баян еткен болатын.

Жылу-электр орталығында бірінші турбина іске қосылғаннан кейін әрқайсысының қуаты 25 мВт тағы екі турбина құрастыру жоспарланып отыр. Барлық турбиналар ресейлік өндірістікі - Калуга қаласынан. Атырау жылу-электр орталығын кеңейту жобасы 16 миллиард 458 миллион теңгені құрады, жобаны кәсіпорын өз қаражаты есебінен қаржыландырды.

«Жоба түгел жүзеге асырылғаннан кейін, Атырау жылу-электр орталығының қуаты, аймаққа сырттан - Ресей Федерациясы мен Маңғыстау облысынан электр қуатын сатып алудан толық бас тартуына мүмкіндік береді. Аймақта тұтынылатын электр қуатының 10-12 пайызы әзірге сырттан алынуда», деп хабарлады Елбасыға жоба жетекшісі Мұхамбетқали Қалиев.