«Атыраубалық» АҚ банкротқа ұшырады
АТЫРАУ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық мамандандырылған экономикалық соты «Атыраубалық» АҚ-ны банкрот деп тану жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешім Атырау қалалық салық басқармасының арызынан соң қабылданды.
Бүгінде акционерлік қоғамның салық бойынша қарызы 62 млн. теңгеден асты, ал кредиттік қарыз 219 млн. теңгені құрады.
2012 жылдың наурыз айынан бері жалақыларын ала алмай жүрген «Атыраубалық» АҚ-ның қызметкерлері жуырда ақшаларын толығымен алды. Жалақы бойынше берешек 545 балық өндіруші қызметкерге жалпы сомада 22 млн. 549 мың 931 теңге төленді.
Естеріңізге сала кетейік, «Атыраубалық» АҚ көптеген жылдар бойы Қазақстанның балық кәсіпорны болды, ал 2012 жылы балық аулауға қатыспады.