20:39, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Атырауда 2 жасар баланы өлімші қылып қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды
АТЫРАУ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда 2 жасар баланы өлімші қылып қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды.

Облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Қайыршахты ауылдық округының Томарлы ауылында орын алған. Жолда 2 жасар қызды қағып кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды.
Сәбиді өлімші қылып соғып өткен жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қыз баланы үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге іздеу жарияланды.