17:13, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
                                        Атырауда 480 жасөспірім 5 күн бойы оқу-жаттығу жасақтарында әскери өмірмен танысты
                                            АТЫРАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -  Атырау облысында 480 жасөспірім қатысқан оқу-жаттығу жиындары аяқталды.
                                        
                                        
                                    
                                              5 күн бойы жаттығулар өткен «Тұлпар» сауықтыру лагерінде олар әскери өмірмен танысты. Болашақ Отан қорғаушылар бұл жерде жауынгерлік өнер шеберлігімен танысты - ұрысқа кірісудің теориялық және тәжірибелік жақтарын және тәсілдерін игерді.
Облыстық білім беру басқармасының алғашқы әскери дайындық, спорт және әскери-тәрбие жұмыстары жөніндегі бас маманы Ерболат Дәулетқазиевтің айтуынша, оқу-жаттығу жұмыстары аяқталған соң бірқатар жастар болашақта Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына түсуге деген ниеттерін білдірді.