Атырауда 5 қабат үйдің бір бөлігі опырылып түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 5 қабатты отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлігі опырылып түсті. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орын алғаннан жарты сағат бұрын тұрғындар қабырғаның жарылып тұрғанын байқап, құтқарушыларды шақырған. Олар тұрғындардың бәрін қауіпсіз жерге көшірген соң үйдің бір бөлігінен үш қабаты опырылып түскен.
None
None

«Жатақхана 1974 жылы салынған. Онда 140 адам тұрып келген. Олардың барлығы бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендер тұрған ғимараттарға орналастырылды», - деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шакирова.

Жатақхана апатты жағдайда деп танылып, биыл сүрілу жоспарланған екен.

Соңғы жаңалықтар