Атырауда 6 балықшы Каспийдегі мұз құрсауынан өздігінен шықты
«Балықшылар ауа райы бұзылып кеткен кезде Жайықтың сол жағында Камынин аумағында қалып қойыпты. Ауа райының қолайсыздығынан тікұшақтардың ұша алмайтынын және көмекті күтіп керек жоғын түсінген олар, кеше ашық теңізге шығып, мұздарды айналып өтіп, Жайық сағасына жетуге бақтарын сынайды. Өткен түнде олар қайықтарымен 60 шақырымдық күші бар күшті желмен арпалысумен болды. Таң атқанда, Жайықтың сағасына жеткен олар, ұялы телефон арқылы өздерінің қай жерде екендіктерін хабарлады», - деп хабарлады «Абылай хан» балықшылар кооперативінің директоры Еркін Күшәлиев.
Хабардан кейін балықшыларға көмекке кеме жіберілді. Ол мұз құрсауларын айналып өтіп, балықшыларға жетіп, олардың қайықтарын тіркемеге алды. Барлық балықшылардың жағдайлары қалыпты, тек қатты шаршаған.