Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда әкімдікте тұрғын үй сатып алу кезінде 3 млн астам теңге ұрланды

АТЫРАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде Махамбет аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Атырауда әкімдікте тұрғын үй сатып алу кезінде 3 млн астам теңге ұрланды

Әкімдік және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекетке 3 миллион 221 мың 662 теңге көлемінде шығын келтіруде айыпталды.

«2011 жылдың қазан-қараша айлары аралығында мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті лауазымдық тұлғалар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, пайда табу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша нақты бағасы 8 178 338 теңгені құрайтын тұрғын үйді 11 400 000 теңге сомасына сатып алды», - деп хабарлады қаржы полициясынан.

ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.