15:28, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырауда ақпараттық-насихаттық топтар іске кірісті
АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда «Экономиканы тұрақтандырудың бес батыл қадамы» дағдарысқа қарсы бағдарламасының незігі қағидаттарын халыққа түсіндіру жөнінде ақпараттық-насихаттық топтар құрылды,
деп хабаралйды ҚазАқпарат тілшісі. Оның құрамына «Нұр Отан» ХДП мүшелері, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының, білім, денсаулық сақтау, мәдениет департаменттерінің қызметкерлері енді. Бұл топтар қазірдің өзінде облыстың көптеген елді мекендерінде болды. Тұрғындармен кездесулерде экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнінде тұтастай Қазақстанда және облыста қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы әңгіме өтті.