Атырауда АҚТҚ жұқтырғандар саны артып келеді

АТЫРАУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда ақпан айында Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ/ВИЧ) инфекциясын жұқтырған үш адам анықталды.

Атырауда АҚТҚ жұқтырғандар саны артып келеді

Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ/СПИД) орталығы эпидемологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Омарованың айтуынша, ауру жұқтырған ер азаматтардың жас мөлшері - 15-пен 49 жасқа дейін. Олардың бірі тамырына инъекция арқылы, ал екеуі жыныстық қатынас арқылы жұқтырған.

1993 жылы Атырау облысында алғашқы АҚТҚ ауруы тіркелген уақыттан бері қарай ауыратындардың саны барлығы 108 адамды құрады. Кезінде олардың көбі сырттан келгендер болса, соңғы жылдары аурудың денін жергілікті тұрғындар құрап отыр.