Атырауда «Алтын қайық» газетінің алғашқы саны шықты
АТЫРАУ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау қаласында «Алтын қайық» газетінің алғашқы саны жарыққа шықты.
Жаңа басылым құрылтайшысы - «Жерұйық» қоры.
Қор жетекшісі Нұрберген Дәулетовтың айтуынша, газеттің негізгі тақырыптарына мәдениет және өнер жатады. Басылым мәдени мұраны қолдау, халық кәсіпшілігін, ескі салттар мен дәстүрлерді жаңартуды қолдау бойынша мемлекеттік жобалар, есімдері елеусіз қалған мәдениет қайраткерлері туралы баяндайтын болады.
«Біздің басылым - коммерциялық емес. Газет бүкіл Қазақстан бойынша тегін таратылатын болады. Осы арқылы біз Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің түлеуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді», - дейді Н.Дәулетов.