16:41, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Атырауда Астанаға арналған көрме ашылды
АТЫРАУ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау тарихи-өлкетану мұражайында «Астана - тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты көрме ашылды.

Көрме экспозициясына Қазақстанның бас қаласы жөнінде баяндайтын көптеген фотосуреттер қойылған. Мұнда сондай-ақ Астана туралы кітаптар, журналдар мен газеттер жарияланымдары орын алған, оларда елордада болып қайтқан атыраулықтар өздерінің алған әсерлері туралы әңгімелейді.