Атырауда аудан әкімдерінің әлеуметтік желіде белсенділігі артады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысының Индер ауданында 192 отбасыға арналған көппәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Бұл туралы аудан әкімі Мейірім Қалауи халықпен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Индер ауданы әкімінің есептік жиынына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Мейірім Қалауидің айтуынша, ауданда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8 млрд 511 млн теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 484 млн теңгеге артық. Аудандағы 19 кәсіпорынның өнеркәсіп өнімі 2 млрд 128 млн теңгеге жетіп отыр.

Аудан бойынша 343 200 га жердің 246 436 гектары, яғни 71,8% цифрландырылып, электронды картаға енгізілген.

«Бұл жұмыстар жалғасын табады. Жер ресурстарын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін осындай шаралар керек. Сонымен бірге, облыс әкімі бұған дейін де айтқандай, жақында ауыл шаруашылығын субсидиялау электронды үлгіге көшіріледі», - деді аудан әкімі.

Ол сондай-ақ өз баяндамасында құрылысы жүріп жатқан және болашақта жоспарланған нысандарды атап өтті.

Қазір аудан орталығында 48 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ол 192 отбасыны баспанамен қамтитын болады. 18 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өтті. 19 нысанның құжаты сараптамаға ұсынылған.



«Мен Индер ауданы әкімінің атқарған қызметіне оң баға беремін. Бірақ бұл істе аудан тұрғындарының белсенділігі де маңызды, бәріңізге қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында аудан басшылығына, жауапты органдарға ай сайын ашық есік күнін өткізу тапсырылды. Шара аясында тұрғындар үшін барлық әкімдіктер мен әлеуметтік мекемелердің есіктері ашық болады. Басқарма басшылары, аудан әкімдері журналистер мен телекөрермен алдында сөз сөйлейді. Жақыннан бері әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланысқа шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап беретін болды. Біз бұл жұмысқа әлі де назар аударамыз. Барлық деңгейдегі әкімдіктер халықпен тығыз байланыста болулары керек», - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар