02:04, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Атырауда ауыр жүк көліктері тексерілуде
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Ауыр жүк көлігі» жедел-профилактикалық шарасы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11-13 наурыз аралығында өтіп жатқан аталмыш іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері жүк көлігі жүргізушілеріне қатысты 47 әкімшілік хаттама толтырды. Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында көлікті міндетті техникалық тексеруден өткізбеу, маневр жасау қағидаларын бұзу, ұялы телефонмен сөйлесу, ақауы бар көлік құралын басқару, жол белгілері талаптарын сақтамау, сыртқы жарық түсіру аспаптарын қолдану қағидаларын бұзу, көлікті құжатсыз басқару бар. Сонымен бірге, жолды бүлдіргендермен қатар, қауіпсіздік белдігін тақпаған 11 жүргізуші анықталды», - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.