Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда Б. Рысқалиевтің қылмыстық тобының ісі қаралатын сот процесіне журналистер көп келеді деп күтілуде

АТЫРАУ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының ісіне байланысты 23 қаңтар күні басталатын сот процесіне бұрын-соңды болмаған көп журналист келеді деп күтілуде.

Атырауда Б. Рысқалиевтің қылмыстық тобының ісі қаралатын сот процесіне журналистер көп келеді деп күтілуде

Еске сала кетейік, 24 желтоқсан күні Атырау облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында Атырау облысының бұрынғы әкімінің қызметімен байланысты қылмыстық топ ісінің алдын ала тыңдауы басталды.

22 адам айыпталып отыр, олардың арасында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, қаланың бұрынғы әкімі Асқар Керімов бар. Сотталушылардың мүдделерін 21 адвокат қорғайды. Атырау облысының бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевтің қызметімен байланысты қылмыстық іс 777 томнан тұрады.