Атырауда барлық балабақшалар мемлекеттік болады

АТЫРАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда облыстық әкімдікте өткен кеңесте барлық балабақшаларды бюджеттен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.
None
None

Бүгінгі күні Атырауда 32 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оларда 16 845 бала тәрбиеленеді. Жыл сайын әкімдік оларды ұстауға 617 миллион теңге бөледі, тағы 287 миллион теңгені ата-аналар балалардың тамағына төлейді.

«Таяу жылдары балабақшалардың саны өседі, бюджеттен қаржыландыру мөлшері де ұлғаяды. Сондықтан балабақшалардың бір бөлігін сенімді басқаруға беру идеясы пайда болған болатын. Бірақ бұл мәселені талқылай келе, 2010 жылы барлық мектепке дейінгі мекемелерді бюджеттен қаржыландыру туралы шешім қабылданды», - деді облыстық білім басқармасының бастығы Қилымғали Қайненов.

Соңғы жаңалықтар