Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда белгісіз газдан уланғандардың 27-сі әлі ауруханада жатыр

АТЫРАУ. Желтоқсанның  7-сі.  ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда    белгісіз  газдан  уланып қалған   агротехникалық колледжінің   27 оқушысы  мен  оқытушылары    әлі ауруханада  жатыр.

Атырауда  белгісіз газдан уланғандардың   27-сі әлі  ауруханада  жатыр

Дәрігерлердің айтуынша,  олардың  жағдайы   тұрақты, өмірлеріне  қауіп  жоқ.    Бірақ та  зардап шегушілердің бір  бөлігі  бастары ауырып, лоқсуда,  дегенмен  бұл   белгілер   сиреп  келеді.

 Бүгін    бас қосатын  медициналық консилиум:       ауруханада  жатқандарды бақылауды  жалғастыру немесе  оларды үйлеріне қайтару  мәселесін шешуі керек.

 Агротехникалық колледжде белгісіз газдан  уланған 35   оқушы мен 3 оқытушысы  желтоқсанның 1-3-і аралығында   ауруханаға  түскенін ҚазАқпарат бұдан   бұрын хабарлаған  болатын.

 Тергеу  органдары мен жергілікті   атқарушы билік   колледжде  орын  алған  оқиғаға әзірге ресми  түсіндірме берген  жоқ.