Атырауда белгісіз газдан уланғандардың саны 38 адамға жетті, олардың 27-сі ауруханада жатыр

АТЫРАУ.  Желтоқсанның  4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -  Атырауда   агротехникалық колледжде белгісіз газдан уланып,    желтоқсанның 1-інен бастап     ауруханаға түскендердің жалпы саны 38 адамға жетті.  Олар - 35 оқушы,  3   оқытушы.
None
None

Соңғы күндері    қала ауруханаларынан 11 адам жазылып шықты.     Әлі  тағы  27   зардап шегуші    дәрігерлердің  бақылауында.

Облыстық   денсаулық сақтау басқармасы бастығының  орынбасары Түркіменбай Нұржігітовтың айтуынша,      ауруханада  жатқандардың барлығының  жағдайы  тұрақты.   Бірақ,  олар әлі  де  болса әлсіз,  бастары айналып,   лоқсуда.  Сондықтан да,   олардың  жағдайларының ушығуына   жол бермеу  және       тағы бір рет   тексеру    үшін    үйлеріне    шығарылмай  отыр.

Колледжде сабақтар тоқтатылды.  Тергеу  тобы    белгісіз газдан   адамдардың  улану фактісі  болған   оқиға орнын   тексеруде.

Соңғы жаңалықтар