Атырауда бейнебақылау камерасының көмегімен өзіне қол салмақ болған қыз құтқарылды

АТЫРАУ. КАЗИНФОРМ - Бүгін Атырауда көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткен бейнебақылау камераларының көмегімен құтқарылды.

Атырауда бейнебақылау камерасының көмегімен өзіне қол салмақ болған қыз құтқарылды

«Таңғы сағат 06.00 шамасында ІІД ОЖБ-ның бейнебақылау камералары Жайық өзенінің үстімен өтіп, Авангард пен Жилгородок шағын аудандарын біріктіретін көпірдің үстінен секірмек болған адамды байқаған. 2 минуттан кейін оқиға орнына Атырау қаласының ІІБ «Батыс» тобының қызметкерлері келіп жетті. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып үлгерді», - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткеннің 1991 жылы туғаны анықталды. Бұл әрекетке мас күйінде бармақ болған. Қазір ол наркологиялық диспансерге орналастырылды. Оның үстінен ҚР ӘҚБК 336-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.