Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда бірінші қабаты жертөлеге түсіп кеткен көп қабатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерлер алады

АТЫРАУ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда 22 желтоқсан күні бірінші қабаты толық жертөлеге түсіп кеткен көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерлер алады, деп хабарлады үй тұрғындарымен болған кездесуде Атырау облысының әкімі Бақтықожан Ізмұхамбетов.

Атырауда бірінші қабаты жертөлеге түсіп кеткен көп қабатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерлер алады

Мамандар үйдегі металдың, төсеме бөлшектердің бүлінуі 60 пайызға тозғанын түсіндірді. Бұдан басқа, жабынның астыңғы тақталарының қорғаушы қабатын толық коррозия тоздырды, арматураланған конструкциялардың жағдайы да 60-70 пайызға зардап шекті.

«Атыраудағы Сырдария, 5 көшесі бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй апатты деп танылды. Нысан одан әрі пайдалануға жатпайды», - деді Б.Ізмұхамбетов.

Зардап шеккен үйдің 85 пәтерінің тұрғындары жаңа пәтерлерге алдағы аптада көшеді. Ресми түрде басқа баспанасы бар бес отбасына пәтерлер берілмейді..