12:30, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Атырауда бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнир жалғасуда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің үшінші күні өтуде, оған Қазақстан құрамасынан да боксшы әйелдер қатысып жатыр.

Туринир Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, сондай-ақ ҚР Халық батыры Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған. Оған көптеген елдердің спортшылары қатысуда.
Ақтық сайыс 22 қарашаға белгіленген, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясынан.