Атырауда браконьер 500 келі сазанмен ұсталды
АТЫРАУ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысында су полициясы қызметкерлері «Фольксваген-Пассат» көлігінің жүксалғышынан 500 келі сазан балығын тапты.
«Олар Исатай ауданына қарасты Зиниден ауылы маңында Каспий көлінің жағалауынан 10 шақырымдай жерде ұсталды. 36 жастағы көлік жүргізушінің үстінен ҚР ҚК-нің 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.