Атырауда букмекерлік кеңсенің қызметкерлеріне клиенттердің ұтысын ұрлады деген күдік келтірілуде - ІІМ
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауда букмекерлік кеңсенің қызметкерлеріне клиенттердің ұтысын ұрлады деген күдік келтірілуде, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлерінің арнайы жүргізген іс-шарасы барысында букмекерлік кеңселердің бірінде бөгде логин мен парольді пайдаланып, виртуальды шоттан 48 мың теңге ақшалай ұтысты заңсыз иеленген облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны ұсталды», - делінген ведомство ақпаратында.
Баспасөз қызметінің атап өтуінше, аталған азамат өзінің 2 серіктесімен бірнеше мәрте ұтыстарды иеленген.
Қазіргі уақытта 42 адамның зардап шеккендігі белгілі болып отыр. Олардың жалпы шығыны 1 миллион 837 мың теңгені құрайды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.